28 желтоқсан 2014 20:41

Жезқазғанның бес тұрғыны теміржол қызметкерін атып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тengrinews.kz мұрағатынан Тengrinews.kz мұрағатынан

Жезқазғанның екі автокөлік мінген бір топ тұрғыны "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының жол бұрушы жұмысшысына оқ жаудырып кетті. Беті жараланған 20 жастағы жұмысшы ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жедел медициналық жәрдем" қызметіне сілтеме жасап.


Жезқазғанның екі автокөлік мінген бір топ тұрғыны "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының жол бұрушы жұмысшысына оқ жаудырып кетті. Беті жараланған 20 жастағы жұмысшы ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жедел медициналық жәрдем" қызметіне сілтеме жасап.

"1994 жылы туған зардап шегуші жақ-бет ауруханасына жеткізілді. Жігіттің бетін оқ зақымдаған", - деді жедел жәрдем өкілдері. 

Жұмысшыға BMW және "ВАЗ" автокөліктерінен оқ атылғаны белгілі болды. Екі машинаның да мемлекеттік нөмірі болмаған. Полицейлер автокөліктердің орнын анықтады. Олар "Қазақмыс" корпорациясының мыс балқыту зауыты аумағында жасырынған болып шықты.

Зауытқа кіреберістегі шлагбаумды оларға бақылау-өткізу пунктіндегі таныстары ашқанға ұқсайды. Көп ұзамай бес жігіт ұсталды. Олардың бірінің зардап шеккен жігіттің әріптесі екені анықталды. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының операторы ішкі істер органында қылмысқа бейім адам ретінде есепке алынған. Тағы бір күдікті бұрын ұрлық жасап, өзгенің мүлкін қасақана өртегені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған болып шықты.

BMW жолаушыларының бірі, Жезқазғанның 25 жастағы тұрғыны жол бұрушы қызметкерге оқ атуды ұйымдастырғанын мойындады. Оның айтуынша, ол зардап шегушімен бұрын жанжалдасып қалған. Полицейлер BMW салонынан атыс қаруының патрондарын тапты. Ұсталғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети