Жиенін зорлап келген ақтөбелік педофил 17 жылға сотталды

07 Қараша 2014, 14:20
0
Жиенін зорлап келген ақтөбелік педофил 17 жылға сотталды - Сотталушы сот залында. ©Tengrinews.kz
Сотталушы сот залында. ©Tengrinews.kz
Жиенін зорлап келген ақтөбелік педофил 17 жылға сотталды - Сотталушы сот залында. ©Tengrinews.kz
Сотталушы сот залында. ©Tengrinews.kz
Жиенін зорлап келген ақтөбелік педофил 17 жылға сотталды - Судья үкім шығарып жатыр. ©Tengrinews.kz
Судья үкім шығарып жатыр. ©Tengrinews.kz
Жиенін зорлап келген ақтөбелік педофил 17 жылға сотталды - Судья үкім шығарып жатыр. ©Tengrinews.kz
Судья үкім шығарып жатыр. ©Tengrinews.kz
Жиенін зорлап келген ақтөбелік педофил 17 жылға сотталды - Сотталушы сот залында. ©Tengrinews.kz
Сотталушы сот залында. ©Tengrinews.kz

Ақтөбеде өз немере інісін зорлаған педофил 17 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында шешім бүгін, 7 қарашада шығарылды. Шалқар қаласының 48 жастағы тұрғыны Асылбек Қалиев жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болды. Судья Гүлжан Әжіғалиева педофилдың бұрын сотталмағанын, жұмыс істемейтінін, жалғыз және орта білімі барын айтты.  

Сот процесі барысында прокурор зорлаушыға 16 жылға қамауды сұрады, бірақ сот одан да қатаң шешім шығарды. Шешімді жариялау кезінде тараптардың ешқайсысы болмады. Педофилден зорлық көрген жасөспірім қазір 17 жаста, ол Ақтөбе колледждерінің бірінде оқиды. Зорлық әрекет туралы деректер осы жылдың шілдесінде белгілі болды. Одан кейін күдікті ұсталды. 

Айта кетейік, бұған дейін Шалқар ауданында ер адам 4 жыл бойы өз жиенін зорлап келгені хабарланған. Қалиев 13 жастағы баланы шындықты бәріне айтып қоятынын айтып, қорқытады. Педофил баланы қорқытып, молаға келуге мәжбүрлеп, сонда қорлаған. Осы төрт жыл бойы педофил баланың отбасымен бірге өмір сүрген, туысқандарының ешқайсысы оның баланы зорлап жүргенін аңғармай келген.  

Бұл туралы кездейсоқ біліп қалған анасы полицияға хабар береді. Сотталушы кінәсінің басты дәлелі заттай айғақтар болған: киім, іш киім, жыртылған мата және орамал. Осы заттай айғақтарды зерттеген сот-медициналық сараптамасы мамандары қылмыс іздерін тапты. Педофил сот үкімімен келіспейтін болса 15 күннің ішінде шағым түсіре алады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай