24 сәуір 2014 10:49

Жоғары лауазымды полицей Алматыда притон ұйымдастырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

"Мама Роза" деген атпен танымал Ольга Хамбулатованың қылмыстық тобы сот алдында жауап беретін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешіметке сілтеме жасап. 


"Мама Роза" деген атпен танымал Ольга Хамбулатованың қылмыстық тобы сот алдында жауап беретін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешіметке сілтеме жасап. 

Жеңгетай мен оның сыбайластары 15 жылға түрмеге отыруы мүмкін. Сот өкілдерінің хабарлауынша, Хамбулатованың қылмыстық әрекетіне Алмалы аудандық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Серік Бегасылов көмектесіп отырған. Қыздарды ары-бері тасып-жеткізумен Ақылбек есімді полицей-жүргізуші мен басқа да тәртіп сақшылары айналысқан.

"Тергеудің нәтижесінде Хамбулатованың түзеу мекемесінен мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғанын естіген Бегасылов оған бұрынғы кәсібін жандандыруды ұсынған, қылмыстық топ мүшелерінің орналасуы үшін Алматыдан пәтер жалдап берген. Ол осы көмегі үшін әйелден төрт мың доллар көлемінде сыйақы алған. Топтың тағы екі мүшесі Темірқанова мен Салықбаевалар "диспетчер" қызметін атқарған, олар телефонмен интимдік қызметке тапсырыс қабылдап, тапсырыс берушілерге қыздарды жіберіп отырған", - дейді Ешімет.

"Мама Розаның" қыздары тұрақты клиенттер үшін жеңілдіктер қарастырған. Хамбулатоваға жұмыс істеген әр жезөкше оған 10 күнде 40 000 теңге төлеген. Топ мүшелері Қылмыстық кодекстің 235-бабының 3-бөлігі, 28-бабының 5-бөлігі және 271 -бабының 3-бөлігі, 307-бабының 4-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылады.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети