12 қыркүйек 2019 13:07

Жыл басынан бері Атырауда 276 интернет алаяқтық деректері тіркелген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жыл басынан бері Атырауда 276 интернет алаяқтық деректері тіркелген, - деп хабарлайды ATPress


Жыл басынан бері Атырауда 276 интернет алаяқтық деректері тіркелген, - деп хабарлайды ATPress

Атырау полиция департаменті қала тұрғындары арасында сауалнама жүргізіп, қылмыстың алдын алу жалғасуда.

Сұхбаттасушылардың бірі Атырау қаласының 43 жасар тұрғыны Нұрбике Ерғалиева былай дейді: "Менің әлеуметтік желіме белгісіз адам кіріп, әріптесімнен 100 мың теңге көлемінде қарызға ақша сұраған. Әріптесім келісіп, бірақ ескерту мақсатында дереу маған қоңырау шалды. Абырой болғанда алаяқ құрығынан аман қалдық".

Алайда, полиция алаяқтардың "Сіздің ұлыңыз өзін жайсыз сезінуде, қаражатты аударыңыз" немесе бұрынғы аккаунт арқылы жалған хабарламалар жазатынын ескертеді.

Қазір инстаграм желісінде жалған жарнамалардың фактілері жиілеп кеткені рас. Жылжымайтын мүлік немесе көлік және тағы басқа сатуға шығаратын порталдарда қолжетімді бағасы бар тауардың фотосуреті қойылған жерде көптеп кездеседі. Ол сенімді түрде, азаматтардың ақшасын алып, кейін байланыстан ажырап, қылмыстық іс-әрекеттерін жүзеге асырады. Бұл жүйемен жұмыс жасап көрмеген азаматтардың тез алданып қалатынын осыдан-ақ байқауға болады.

Осы аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы бойынша бірнеше рет қылмыстық істер тіркелген.

Қылмыстың осы түрін азайту және болдырмау мақсатында полиция департаменті қырағы болуды, тауарларға интернет арқылы тапсырыс берер кезінде лицензияланған дүкендерді пайдалануды, хабарландыруларды мұқият тексеруді ұсынады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети