Қанат Сұлтанбековты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

18 Сәуір 2017, 12:23
1
Қанат Сұлтанбековты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды -

"Қазақстан инжиринг" басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Есіл ауданының №2 соты ҰҚК-нің шағымын қарастырып, Сұлтанбеков Қанатты қамау мерзімін 16 маусымға дейін ұзарту туралы шешім шығарды", - дейді Астана қаласы сотының ақпаратпен қамту бөлімінің басшысы Ботагөз Ерғазиева. 

Тергеудің қай бап бойынша жүріп жатқаны хабарланбады. 

Еске салайық, Қанат Сұлтанов 23 ақпанда қамауға алынған болатын.  


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай