05 қаңтар 2018 16:21

Қанды оқиғаның видеосы: Полиция төтенше жағдайдың қайда болғанын анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Павлодарлық полицейлер видеоға түсірілген қанды оқиғаның қайда болғанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Павлодарлық полицейлер видеоға түсірілген қанды оқиғаның қайда болғанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Уфада болған. 

"Павлодардың полиция қызметкерлері Желіде таралған видеоның фейк еместігін анықтады. Оқиға Уфаның азық-түлік дүкендерінің бірінде 2017 жылдың 21 желтоқсанына қараған түні болған", - дейді облыстық ІІД-нің өкілдері. 

Ресейлік БАҚ таратқан ресми мәлімет бойынша, 26 жастағы жігіт дүкенге гүл ұстап кіріп, тауар сатып алып жатқан қыздардың біріне ұсынған. Қыз одан бас тарқан, сол кезде қызға пышақпен соққы жасаған. Қыз оқиға орнында көз жұмды. Күдікті Өзбекстан азаматы болып шықты. 

Сонымен қатар, видеоны Павлодарда болды деп таратқандар әлі де іздестіріліп жатыр.

Еске салайық, қанды оқиғаның видеосы жаңа жылдық мерекелерден кейін таралып кеткен еді. Видеоға қатысты "Пвлодар жаңа 2018 жылдан кейін болды" деген жазумен болды. Павлодар ІІД деректі растамады. Полицейлердің ақпараты бойынша, Жаңа жыл алдында видео "Павлодар, "Пахомовский дүкені" атауымен тараған. Видеоны Павлодарда болды деп таратқандарды полицейлер іздестіріп жатыр. Жалған ақпарат таратқаны үшін автор қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. 

Назар аударыңыз! Психикасы тұрақты емес және 18 жасқа толмағандарға көруге ұсынылмайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети