29 тамыз 2016 15:06

Қапшағайда астыртын жұмыс істеген казино жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы облысы МКД экономикалық тергеулер қызметі © Алматы облысы МКД экономикалық тергеулер қызметі

Қапшағайда заңсыз жұмыс істеген казино жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы МКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қапшағайда заңсыз жұмыс істеген казино жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы МКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заңсыз жұмыс істеп келген казиноның әрекетін экономикалық тергеу қызметі департаментінің қызметкерлері тоқтатқан. "Мекеме ҚР "Ойын бизнесі туралы" заңнамасына қатысты ешқандай рұқсат қағаздары болмаса да, жұмысын жалғастырып келген", - деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер. Заң бойынша казиноларға тек Қапшағай су қоймасының жағалауында жұмыс істеуге рұқсат етілген. 

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жедел-іздеу шаралары барысында мекеменің ойынхана залынан 17 ойын автоматын және бір "Воздушная рулетка" ойын аппаратын тәркілеген. Осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары ҚР ҚК-ның 307-бабы ("Заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру") бойынша жүргізіліп жатыр", - деді ведомстводағылар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети