01 ақпан 2019 13:27

Қапшағайда пәтер ұрылары ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қапшағай полицейлері пәтер тонаған қылмыстық топты құрықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қапшағай полицейлері пәтер тонаған қылмыстық топты құрықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

25-32 жас аралығындағы 4 азаматты құрықтау кезінде қылмыстарын әшкерелейтін айғақтар табылды.
Ұсталған күдіктілердің Алматы қаласының тұрғындары екені және бұрындары осындай қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

"Күдіктілер Қапшағай қаласынан шыға берісте ұсталды. Олардың автокөлігінен екі ноутбук және қала тұрғындарынан бұған дейін ұрланған басқа да заттар табылды. Қазіргі уақытта оларға мүлікті ұрлау 6 дерегіне қатысы бар деген күдікке ілініп отыр. Оның бесеуі - Қапшағай қаласында, біреуі - Заречное ауылында жасалған. Жоғарыда аталған қылмыстардың барлығы көпқабатты үйлерде есіктердің кілттерін іріктеу арқылы жасалғаны анықталды",- деп хабарлайды Қапшағай қаласы полиция басшысының орынбасары Азамат Тұрғынбаев.

Анықталған фактілер бойынша келтірілген материалдық шығын - 600 мың теңге. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Сонымен қатар, күдіктілердің осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети