29 мамыр 2017 15:56

Қарағанды балабақшасындағы баланы ұру оқиғасына қатысты тергеу басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© nsktv.ru © nsktv.ru

Қарағандыдағы "Балақай" балабақшасында тәрбиешінің баланы ұру оқиғасына қатысты тергеу басталды. 25 мамырда балабақша директоры Оңтүстік-Шығыс аудандық полициясына барып, істің мән-жайын баяндап берген. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспсөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Материал кәмелетке толмаған балаға қатысты қатыгездік таныту бойынша "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi ата-анасының немесе өзiне осы мiндеттер жүктелген өзге адамның, сол сияқты педагогтiң немесе оқу, тәрбиелеу, емдеу мекемесінің немесе кәмелетке толмаған адамды қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi өзге мекеменiң басқа да жұмыскерiнiң кәмелетке толмаған адамға қатыгездік танытуымен ұласқан орындамауы немесе тиісінше орындамауы" бабымен СДТБТ-ға тіркелді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - дейді баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров. 

Айта кетейік, жоғарыдағы бап бойынша 300 АЕК-ке дейін айыппұл не, сол көлемдегі түзету жұмыстары не, 240 сағатқа қоғамдық жұмыс немесе 75 тәуліке дейін қамау жазасы қарастырылған. Оның үстіне үш жылға дейін баланы тәрбиелеумен байланысты жұмыспен айналысуға тиым салынуы мүмкін. 

Еске салайық, мұның алдында Қарағандыдағы "Балақай" балабақшасының тәрбиешісі баланы ұрғаны үшін жұмыстан қуылғаны хабарланған. Тәрбиешінің баланы ұрып жатқан видеоны Denisa Denski атты қолданушы Instagram желісінде жариялаған. Осыдан кейін директор мен әдістемешіге қатаң сөгіс жарияланды. Ал іс материалдары құқық қорғау органдарына берілген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети