17 маусым 2015 15:58

Қарағанды облысында 3 жасар қызын тұншықтырып өлтірген ана артынша өзіне қол салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында әйел адам өзінің 3 жасар қызын тұншықтырып өлтіріп, кейін өзіне қол салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Облыстық ІІД қызметкерлерінің хабарлауынша, оқиға 16 маусым күні түнгі уақытта болған.


Қарағанды облысында әйел адам өзінің 3 жасар қызын тұншықтырып өлтіріп, кейін өзіне қол салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Облыстық ІІД қызметкерлерінің хабарлауынша, оқиға 16 маусым күні түнгі уақытта болған.

"Шет ауданына қарасты ауылдардың бірінен 1969 жылғы әйел мен оның кәмелет жасына толмаған қызының денесі табылды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Материал сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестрінде "Кісі өлтіру" бабы бойынша тіркелді. Бірнеше сараптама тағайындалды", - деді облыстық ІІД өкілдері.

Ақпарат құралдарының мәліметінше, 46 жастағы әйел өмірден шаршағандықтан осындай қадамға барған. Ол алдымен 3 жасар қызын тұншықтырып, кейін өз жүрегіне пышақ салған. Олардың денесін Балқаштан жұмыстан келген күйеуі тауып алыпты.

Еске сала кетейік, бұған дейін жаңа туған сәбиін өлтірді деген күдікпен оның анасы - Алматы облысының 1991 жылғы тұрғыны Назгүл Байбосыноваға мемлекетаралық іздеу жарияланған еді. Оның азаматтық некедегі жолдасы қайғылы оқиға болған кезде үйде болмаған, ал қайтып келгенде әйелін де, баланы да таппай қалған. Қайтыс болған нәрестенің әкесінің 1987 жылғы ағасы нәресте мен оның анасын өлтіргенін мойындады. Ұсталған азаматтың айтуынша, ол 25 ақпанда 4 айлық қыз баламен пәтерде қалған. Қыздың анасы азық-түлік дүкеніне кетіпті. Баланың үнемі жылағаны оның ашуына тиген. Бесікке жақындап барған ол нәрестенің бірнеше жеріне пышақ салған. Үйіне қайтып оралған шешесі, бесіктегі өлген сәбиін көріп, шыңғыра бастаған. Ер адам оны да пышақтап, денесін сөмкеге салып, балконнан аулаға лақтырған. Ол төменге түсіп, сөмкені адам көрмейтін жерге апарып, мәйітті көмген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети