12 қыркүйек 2019 11:29

Қарағанды облысында банк кассирі мен бухгалтер 25 миллион теңге жымқырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

"Қарқаралы ветеринариялық станция" КММ бас бухгалтері мен "Қазақстан халық банкі" АҚ кассирі Қарағанды облысында 25 миллион теңге жымқырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикоррупциялық қызметке сілтеме жасап. 

"Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Қарқаралы ветеринарлық станциясы" КМК бас бухгалтері А.Мананбаева мен "Қазақстан Халық банкі" АҚ ҚОФ Қарқаралы басқармасының кассирі Н. Сыздықоваға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады

Манабаева мен Сыздықова 2015 жылдан бастап 2017 жылға дейін жалпы сомасы 25 миллион теңгеге тауар-материалдық құндылықтарды жеткізу сылтауымен кәсіпорынның ақшалай қаражатын алу, аудару және қолма қол ақшаға айналдыру арқылы бюджет қаражатын жымқырған", - делінген ведомствоның ресми хабарламасында.

11 қыркүйекте Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық сотының үкімімен Мананбаева 6 жылға, Сыздықова 5 жылға (үкімді орындау мерзімін 5 жылға ұзартумен) бас бостандығынан айырылды.

Сотталғандар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети