18 ақпан 2016 12:31

Қарағанды облысында ер адам полицейге қарата оқ атты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Flashnord.com © Flashnord.com

Қарағанды облысында полиция қызметкерін өлтірмекші болды деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қарағанды облысында полиция қызметкерін өлтірмекші болды деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 17 ақпанда Ұлытау ауылында мас күйдегі ер адам полицейдің үйін аңдып, тегіс ұңғылы шолақ мылтықтан екі рет оқ атқан. "Полиция аға лейтенантының көмекшісі оқтан жалтарып, күдікті қаруды қайтадан оқтап жатқан кезде самбо әдісі арқылы одан қаруды тартып алған. Кейін ол полиция қызметкерлерін шақырды,", - деді ІІД өкілдері.

Ұсталған ер адамды осы полицейдің билік өкілдеріне бағынбағаны үшін жауапқа тартқаны белгілі болды. Ол құқық қорғау органдары қызметкерлеріне осы себепті шабуыл жасаған болуы мүмкін.

Күдікті қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиға болған жерден қылмыс қаруы тәркіленді. "Адам өлтіруге оқталу" бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети