09 қараша 2015 10:28

Қарағанды облысында Қаржы министрлігінің көшпелі комиссия басшысы парамен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Қаржы министрлігі республикалық комиссия төрағасы, "Жамбыл облысы бойынша қаржы бақылау инспекциясы" МБ басшысы Қанат Төреғожаевқа қатысты қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Лауазымды тұлғаның "Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы" МБ бас есепшісінен облыстық әкімдіктің мемлекеттік сатып алу және бюджет қаржысы шығындарын тексеру нәтижелері бойынша мәселелер оң шешімін табу үшін 4,6 миллион теңге пара алғаны анықталды. Қазіргі таңда ұсталған азамат Қарағанды ІІБ УҰИ-ға қамалды", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети