26 наурыз 2014 15:03

Қарағанды облысында мектептің көмірі заңсыз сатылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Қарағанды облысында мектеп директоры мен аудандық білім бөлімінің әкімшісі мемлекеттің жарты миллион теңгесін қалталарына басқан деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мамандардың мәліметінше, қаржы жымқыру және сеніп тапсырылған мүлікті шығындау дерегі тексеріс барысында анықталған. Бұл қылмыстар бойынша Ұлытау аудандық білім бөлімінің әкімшісі мен Мибұлақ елді мекеніндегі №18 орта мектептің директоры айыпталып отыр. "Білім бөлімінің әкімшісі білім мекемелеріне арналған көмірді есепке алуға жауапты тұлға бола отырып, №18 орта мектептің директорымен алдын ала сөз байласып, осы мектепке арналған көлемі 130 тоннадан асатын көмірді үшінші тұлғаға қайта сатқан. Жалпы сомасы жарты миллион теңгеге жуық қаржыны екеуара бөліп алған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. Мектеп директорына қатысты жымқыру, сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салу және қызметтік жалғандық деректері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Білім бөлімінің шенеунігіне де қаржы жымқыру және сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салу деректері бойынша күдік келіп отыр. Бұл екеуіне кепілдік түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети