13 қыркүйек 2016 12:40

Қарағанды облысында өз баласын өртеп жіберген ер адам бұл қадамға ажырасудан кейін барған болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© otravlenym.ru © otravlenym.ru

Қарағанды облысында өзіне және сегіз жастағы баласына бензин құйып, өртеп жіберген Приозерск қаласының 49 жастағы тұрғыны бұл қадамға ажырасудан кейін барған болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Олар бүгін, 13 қыркүйекте ажырасуы керек болған. Бұл туралы Қарағанды облысының Приозерск қалалық сотының өкілдері хабарлады.

"Бүгін, сағат 11.00-де ерлі зайыптылардың ажырасуы бойынша алдын ала сот отырысы болуы тиіс еді. Арыз беруші оның әйелі болатын. Ал судьяның есімі - Адапбеков Бағдат Ахметұлы. Алайда сот процесі өткен жоқ", - деді соттағылар.

Өзін-өзі өртеу және жанжал болған үйдің көршілерінің айтуынша, басты себеп ажырасу болған. Әйелі ажырасқысы келсе, күйеуі бүл шешімге қарсы болған. Содан жұбайлар арасында ұрыс-керіс болды. Көршілердің айтуынша, ол баласына және өзіне бензин құйды, ал әйелі сол уақытта қызын алып сыртқа шығып кеткен.

Еске салайық, 12 қыркүйекте отбасылық жанжалдан соң Приозерск қаласының 49 жастағы тұрғыны өзіне және сегіз жастағы баласына бензин құйып, өртеп жіберген. Ол кеше медициналық мекемеге түскен, ал оның сегіз жастағы баласы алған жарақатынан көз жұмған. Сондай-ақ, Жоғарғы қабатта тұратын қыз газ иісіне уланып, қайтыс болған, ал оның анасы ресейлік авиациялық емханағв жеткізілген.

Осыған дейін Приозерск қаласының кәмелет жасына толмаған баланың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы бойынша қозғалғаны хабарланған. Қазіргі кезде оқиғаның барлық мән жайы анықталып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети