25 қараша 2016 20:59

Қарағанды облысында полицейлердің қинағаны туралы зейнеткер арызын прокурорлар тексеріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысының прокуратурасында Сайлаубай Айқұмбаев атты зейнтекердің полицейлердің өзін қинаағаны туралы арзызынан кейін тергеу басталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің сұранысына қатысты Қарағанды облысы прокурорының орынбасары Аспенби Жарылғасовтың мәлімдемесінен белгілі болды.  


Қарағанды облысының прокуратурасында Сайлаубай Айқұмбаев атты зейнтекердің полицейлердің өзін қинаағаны туралы арзызынан кейін тергеу басталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің сұранысына қатысты Қарағанды облысы прокурорының орынбасары Аспенби Жарылғасовтың мәлімдемесінен белгілі болды.  

2016 жылдың 6 қазанында Қарағанды облысы ІІД Жеке қауіпсіздік басқармасы Абай ауданы ІІБ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері фактісі бойынша тергеу "Билікті немесе қызметтік бабын асыра пайдалану" бабынан 11 қазан күні "Қинау" бабына ауыстырғаны хабарланды. 

"Қазіргі кезде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет істің толық, жанжақты және обьективті зерттелуіне бағытталған тергеу жүргізіп жатыр. Сайлаубек Айқұмбаевтың дәлелдері қылмыстық істі тергеу амалдары барысында тексеріледі", - деп мәлімдеді Қарағанды облысы прокурорының орынбасары. 

Еске салайық, 63 жастағы Абай қаласының тұрғыны Сайлаубай Айқұмбаев жергілікті ІІБ қызметкерлерін өзін ұрды деп айыптаған болатын. Оның айтуынша, оқиғаның бәрі пәтер жалдаудан басталған. Одан баспананы келісілген мерзімінен бұрын босатуды талап етіп, ақшаны сол күйде қайтармаған. Осы қарыз үшін жайсыз жағдай туындаған. Кемтар зейнеткердің сөзінше, белгісіз біреулер оны қорқытып, сабаған. 

Ұру фактісі бойынша ол бірден Абай қаласының ІІБ-ге арыз берген. Осыдан кейін, қарияның айтуынша, құқық қорғаушылар оны қала маңындағы зиратқа апарып, қабырғасынан ұрып, тапаншамен нұқып, басына полиэтиленді қап кигізген.

Мұның алдында қарт адамның арызы бойынша Абай ауданы ІІБ басшысының орынбасары Ербатыр Асқаров пікірін білдірген болатын. Арыз берген кембағал зейнеткердің өзі қылмыстық іске қатысты деп күдікке ілінген екен. 

"Сайлаубай Айқұмбаев екі іске қатысты күдікке ілініп отыр: ұрлық пен жарылғыш зат туралы жалған ақпарат, - дейді Абай ауданы ІІБ басшысының орынбасары Ербатыр Асқаров. - Ол 102 телефонына қоңырау шалып, жалған хабар берген. Сосын біз оны анықтап, оған қатысты екі қылмыстық іс қозғадық. Оның денесінде ешқандай жарақат жоқ. Мұның алдында да ол полиция қызметкерлеріне шағымданған. Мұның бәрін ол жауапкершіліктен қашу үшін істеп отыр. Полиция қызметкерлері оған ешқандай да психикалық және физикалық қысым көрсеткен жоқ", - дейді полицейлер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети