12 сәуір 2017 12:47

Қарағандыда 9 жыл іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Осакаровка аудандық Ішкі істер бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері 9 жыл іздеуде жүрген 31 жастағы қылмыскерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Биыл 11 сәуірде жедел-іздестіру шаралары барысында Астана қаласының 31 жастағы тұрғыны полиция қызметкерлеріне 2008 жылдың 8 қарашасында Осакаровка ауданы Ошағанды ауылындағы "Алматы -Екатеринбург" тасжолында  "Астана -Сарыағаш" бағытындағы автобус жолаушыларына пышақпен қарақшылық шабуыл жасағанын мойындады", - деп хабарлады полицейлер.

Қаскөйдің жалпы сомасы бес миллион теңге болатын мүлікті тоңап кеткені белгілі болды. Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети