Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Қарағандыда аяусыз өлтірілген қонжыққа қатысты іс тоқтатылды

10 Шілде 2014, 11:43
0
©Vesti.kz
©Vesti.kz

Соңғы кездері Қарағанды хайуанаттар бағы қоғам мен жануарларды қорғау ұйымдарының назарын өзіне аударып отыр. Мұнда теңбілшердің (ягуар) торына тасталған науқас қонжықтың жайы көпшіліктің наразылығын туғызған еді. Жуырда бұл жайт бойынша қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды ішкі істер басқармасының тергеу бөлімі хайуанаттар бағындағы жануарларға қатігездік жасау дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс өндірісін тоқтату туралы қаулы шығарды. "Хайуанаттар бағы қызметкерлерінің әрекетінде қылмыс құрамы болмағандықтан іс тоқтатылды. Тергеу шараларын жүргізу барысында оларда жануарды осындай әдіспен келушілердің көзінше қасақана өлтіру ниеті болмаған", - деп мәлімдеді Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық прокуратурасының тергеу және анықтау заңдылықтарын қадағалау жөніндегі бөлімінің мамандары.

Еске сала кетейік, 2014 жылдың наурыз айында Қарағанды қаласындағы хайуанаттар бағының қызметкерлері науқас қонжықты теңбілшерлердің талауына берген болатын. Зообаққа келушілер қонжықты құтқару үшін тор әйнегін ұрғылап, әлекке түскен. Балалар жанұшырып жылаған. Оқиға орнында хайуанаттар бағының қызметкерлері болмай шықты, торды ешкім ашпады. Аяусыз көрініс кейін жұртшылықтың жаппай наразылығын туғызды. Мекеме өкілдері жағдайды басқаша түсіндірді, олардың айтуынша, қонжық ауру болатын, ол бәрібір ұзақ өмір сүрмес еді. "Біз баққа келушілерден кешірім сұрап, болған жайтқа байланысты өкініш білдіреміз. Қонжыққа жауапты бөлімнің бастығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оған сөгіс жарияланды", - деп хабарлады зообақтың бас маманы Светлана Пилюк.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай