13 шілде 2016 17:03

Қарағандыда белгісіз біреу 88 жастағы зейнеткерді зорлап, кейін өлтірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© myslo.ru © myslo.ru

Қарағандыда белгісіз біреу 88 жастағы зейнеткерді зорлап, артынша өлтірген, - деп хабарлайды "Новый вестник" басылымы.


Қарағандыда белгісіз біреу 88 жастағы зейнеткерді зорлап, артынша өлтірген, - деп хабарлайды "Новый вестник" басылымы.

Егде тартқан әйел адамның мәйіті № 1 психикалық-жүйке медициналық, әлеуметтік мекемесінің жанындағы отырғызылған ағаштар арасынан табылған. Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша, ол көптеген жарақаттан қайтыс болған және өлер алдында зорланған. Полицейлер тергеуді екі бап бойынша жүргізіп жатыр: "Адам өлтіру" және "Зорлау".

Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыскер айғақтар қалдырған. "Полицейлер диспансердің дуалында қоңыр түсті дақ тапқан. Осыған байланысты орган қызметкерлері медициналық мекемені және оған тиесілі аумақты тінтуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, мамандар оқиға болған жерде телефон қоңырауларын тексермек", - деп жазады басылым тілшілері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети