03 маусым 2015 08:37

Қарағандыда белгісіз ер адам 10 жастағы қызға шабуыл жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Grid.mk © Grid.mk

Қарағандыда белгісіз ер адам 10 жастағы қызға шабуыл жасады, ол қызды сынған бөтелкемен қорқытқан, - деп хабарлайды "31 арна".


Қарағандыда белгісіз ер адам 10 жастағы қызға шабуыл жасады, ол қызды сынған бөтелкемен қорқытқан, - деп хабарлайды "31 арна".

Оқиға мектеп ауласында болды. Бұталардың арасынан шыға келген ер адам бақта ойнап жүрген қыздардың бірін мойнынан ұстап әкеткен. Ер адамды тағы біреу күтіп тұрыпты. Қыздың екі құрбысы айқайлай бастаған. "Ол қалтасынан өткін әйнекті шығарып алды да, "Жақындамаңдар", - деп айқайлады. Кейін қолын мойнымнан алып, сипалай бастады. Мен оны тістей бастадым. Оны итеріп, қашпақ болғанымда ол әйнекті қолыма қарай сілтеді", - деді жәбірленуші қыз.

Қылмыскер мен оның сыбайласы ұсталған жоқ. Полициядағылар белгісіз ер адамды іздестіріп жатқандарын айтты.

Еске сала кетейік, осы жылдың мамырында Алматы полициясы 10 жастағы қызға тиіскен педофилге іздеу жариялаған болатын. Педофилдің барлық әрекеті үйдің кіреберісіндегі видеокамераға жазылып қалған. Ол ұсталып, қамауға алынды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети