17 қаңтар 2017 19:27

Қарағандыда бұрынғы полицей мас күйінде патрульдік көлікті қаққан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкері мас күйінде полицейлерден қашамын деп патрульдік көілікті қаққан соғылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қарағандыда құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкері мас күйінде полицейлерден қашамын деп патрульдік көілікті қаққан соғылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Шахтерлер даңғылында Opel Astra көлігі бағдаршамның қызыл түсі мен өзге де жол белгілерін елемей жүріп бара жатқан. Оның үстіне жаяу жүргінші жолында әйел адамды қағып кете жаздаған. Мұны көрген жүргізуші куәгер полицияға хабар береді. 

Сонымен бірге, ол полицейлерге жәрдемдесіп, Opel көлігі артынан өзі де түседі. Оның айтуынша, ереже бұзған жүргізуші өрескелдік танытқан. Ал патрульдік көлік соңына түскен кезде, Opel бірден артқа жүріп, полицейлердің көлігін қаққан.

Полицейлердің мүдіріп қалғанын пайдаланып, жүргізуші тағы да қашуға тырысады. Куәгер оның соңына қайта түскен. Қашып бара жатып Opel жолдағы Subaru маркалы тағы бір көлікті жанап өткен екен. Ақыр-аяғы полицейлер дөрекі жүргізушіні қолға түсіреді. Куәгердің сөзінше, ұстау кезінде ереже бұзған жүргізуші өзінің де құқық қорғау органынан екенін айтқан. 

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері жүргізушінің бұрын расында полицей болғанын, дегенмен, жыл басында жұмыстан шығарылғанын хабарлады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети