14 қыркүйек 2015 13:21

Қарағандыда бұзақылар көшедегілерге мылтықпен оқ атқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

© frant.me © frant.me

Қарағандыда бұзақылар көшедегілерге шолақ мылтықпен оқ атқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыстық ішкі істер департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Жезқазған қаласында кісі өлтіруге оқталған сол өңірдің екі азаматын қолға түсірді.

"Ұсталған азаматтар 24 тамыз күні бұзақылық әрекеттер барысында Жезқазған қаласының көшесінде шолақ мылтықтан оқ атып, соның салдарынан көшеде өтіп бара жатқан адамның жарақаттанғаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, тәртіп сақшыларының мәліметінше, 13 қыркүйек күні Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Сәтбаев қаласының 30 жастағы тұрғыны және оның серіктесі, Жезқазған қаласының 23 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.

Қазіргі уақытта ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети