10 наурыз 2017 | 09:46

Қарағандыда ер адам 8 наурызда өз анасын пышақтап, 5-ші қабаттан секіріп кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ktk.kz © ktk.kz

Қарағандыда 33 жастағы ер адам зейнеткер анасын өлтіріп, кейіннен өз-өзіне қол жұмсаған. Қайғылы оқиға 8 наурызда болған, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 


Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда 33 жастағы ер адам зейнеткер анасын өлтіріп, кейіннен өз-өзіне қол жұмсаған. Қайғылы оқиға 8 наурызда болған, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Әйел ұлынан аман қалу үшін соңына дейін көмек сұраған. Зейнеткердің айғайлаған даусын естіген көршілері бірден полиция шақырған, бірақ өкінішке қарай, әйелді ешкім құтқарып қала алмаған. 58 жастағы әйел пышақ жарақатынан көз жұмған. Күдікті болса полицейлерді пәтерге кіргізуден бас тартып, 5-ші қабаттан секіріп кеткен.

Телеарна мәліметінше, тергеушілер әлі оқиғаның мән-жайын анықтап болған жоқ. Қаза тапқан әйелдің бұрынғы әріптестері ұлының осыған дейін де пышақ алып жүретінін айтып отыр. Бірақ анасы ұлын ақтап алып жүрген екен.

"Иә, ұлының анасына пышақпен де, балтамен де жүгіретіні туралы айтылатын. Бірақ ол жұмысқа ешқашан да денесі көгерген күйі келмейтін. Ұлы ауыратын. Соған қарамастан, анасы баласына еш шағымданбайтын. Үйінде не болып жатқанын ешқашан айтпайтын", - деді Елена Котельникова.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети