Қарағандыда полиция қызметкері тұтқынды азаптады деп айыпталуда

11 Қыркүйек 2014, 20:06
0
Қарағандыда полиция қызметкері тұтқынды азаптады деп айыпталуда - ©tengrinews.kz
©tengrinews.kz

Қарағанды облысы Абай ауданы полициясының қызметкері тұтқындағы ер адамды азаптады деп айыпталуда. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды. Қарағанды облысының полиция қызметкерлері Абай ауданының тұрғынынан ұрлыққа байланысты өздеріне керекті мәліметтерді алуға тырысқан. 

Жәбірленуші өзінің кінәлі екенін мойындамағаннан кейін полицейлер оны босатқан. Қанға боялған жергілікті тұрғын ІІБ-ның ғимаратынан шығып дәрігерлік көмек алу үшін бірден емханаға барған. "Жергілікті тұрғын Абай ауданының прокуратурасына "Абай ауданы ІІБ-ның ғимаратында полция қызметкерлерінің бірі ұрлыққа байланысты өздеріне қажетті жауап алу үшін мені азаптады" деп шағым түсірді", - дейді Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз хатшысы. 

Кейіннен жәбірленуші өзін азаптаған бір ғана құқық қорғау қызметкерін таныған. Қазіргі таңда айыпталушы Қарағанды облыстық оперативтік уәкілдігі полциясының қызметкері бұл іске қатысты түсініктеме беріп жатыр. Тергеу жүргізілуде, тексеріс барысында шағым білдірушінің қан іздерін анықтау үшін оның бөлмесі тексерілуде. 

Бұдан бірнеше күн бұрын Қарағанды облыстық прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасы Нұра ауданы Ахмет ауылының тұрғынын азаптады деген күдікпен Нұра ауданы полициясының үш қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғаған. Ауыл тұрғыны соққыға жығылған. Жәбірленушінің айтуына қарағанда, Қарағанды облысының полицейлері оның аузына арақ құйып, мойын омыртқасын сындырып жіберген, кейін қолының тырнағын жұлып алған. 

 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай