22 қыркүйек 2014 | 10:31

Қарағандыда Ресей азаматынан 40 келі героин тәркіленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі ©ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

Қарағандыда Ресей азаматынан 40 келіден астам героин тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап. Героинді ол Қырғызстан азаматынан сатып алыпты.


Қарағандыда Ресей азаматынан 40 келіден астам героин тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап. Героинді ол Қырғызстан азаматынан сатып алыпты.

Қарағанды полицейлері есірткі сатушыларды әшкерелеу жөнінде арнайы операция жүргізді. Соның нәтижесінде екі шетелдік - Қырғызстан мен Ресей тұрғындары ұсталды. Прокуратураның мәліметінше, Қарағанды қалалық ішкі істер басқармасының есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімі мен облыстық ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қаланың Гапевв ықшамауданында Nissan автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында салоннан 36 мың доллары бар сөмке табылды. Қырғызстанның 32 жастағы азаматы ақшаның героин сатудан түскенін мойындады.

"Полицейлер есірткі сатушыны бірден анықтады. Ішкі істер департаментінің басшысы Мергенбай Жаппаров бастаған тергеу тобы Қарағандыдан шығатын жолда Lada Priora мінген РФ азаматын ұстады", - деп хабарлады прокуратура өкілдері.

Автокөлік салонынан екі сөмке табылды, онда сұр түсті ұнтағы бар 40 пакет болды. Сарапшылардың қорытындысына қарағанда, әр пакетте бір келі героин болған, жалпы салмағы - 40,74 келі. Шетел азаматтары Қарағанды қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан - Ресей шекарасында есірткінің ірі партиясының жолы кесілген еді. 34 келі героинді контрабандашылар Қазақстаннан Ресейге алып өтпек болған.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети