12 желтоқсан 2014 13:04

Қарағандыда Шымкенттің екі тұрғыны бес келі героинмен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Героин сатумен айналысқандар Қарағанды облыстық ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының мамандары жүргізген жедел іздестіру шарасы кезінде қолға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Героин сатумен айналысқандар Қарағанды облыстық ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының мамандары жүргізген жедел іздестіру шарасы кезінде қолға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Желтоқсанның 10-ы күні кешкісін Қарағанды қаласының орталығында полиция Mercedes-Benz маркалы автокөлігін тоқтатты, көлікте Шымкент қаласының 54 және 47 жастағы екі тұрғыны болған, екеуі де жұмыссыз. Ол екеуін есірткі бизнесімен күрес басқармасы мамандары біраз уақыттан бері бақылап, героин сатып алушының кейпінде олармен кездескен, сол кезде олар полицейлерге бес келіге жуық героин беріп, қолға түсті. Ол екеуі "тауарларын" 3 мың долларға бағалаған.

Мамандардың айтуынша, героин сатқан екеуі қазір уақытша қамау изоляторында отыр, қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, жыл басынан бері Қарағанды облысының есірткі бизнесімен күрес басқармасы мамандары 359 келі әртүрлі есірткі заттарын, оның ішінде 90 келі героинді тәркіленген. Есірткіге қатысты 319 қылмыстық іс қозғалып, олардың 218-і сотқа жіберілді, 139 адам жауапқа тартылып, 778 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Сонымен қатар есірткінің ірі партиясын тасымалдаудың 13 арнасы жойылды, олардың сегізінен героин, қалған бесеуінен каннабис тәркіленді (280 келіден жоғары).

Мамандардың мәлімдеуінше, биыл Қарағанды облысының территориясы арқылы есірткі заттарын заңсыз тасымалдаудың үш дерегі анықталды, олардың үшеуі де автокөлікпен тасымалданған. Заңсыз айналымға жіберілмек болған 43 келі каннабистің жолы кесілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети