23 желтоқсан 2016 13:00

Қарағандыда такси жүргізушісін өлтірді деп айыпталған студенттердің соты басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Саят Солтанбеков Саят Солтанбеков

Қарағандыда 28 жастағы Саят Солтанбековтың өліміне қатысты сот отырысы басталды. Күдіктілерге бірден төрт бап бойынша айып тағылған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қарағанды облыстық сотының өкілдері хабарлады. 


Қарағандыда 28 жастағы Саят Солтанбековтың өліміне қатысты сот отырысы басталды. Күдіктілерге бірден төрт бап бойынша айып тағылған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қарағанды облыстық сотының өкілдері хабарлады. 

Қылмыс 2016 жылдың 21 сәуірінде жасалған. Түнгі үште Солтанбековтың әйеліне қоңырау шалып, күйеуін ауруханаға алып бара жатқаны хабарланған. "Сол күні мен мүлде жұмысқа шықпауын өтіндім, өзімді нашар сезініп тұрған едім, жүкті болдым, - дейді Салтанат. - Мені тыңдамады. Отбасы ештеңеден қысылмасын деп, көбірек ақша тапқысы келді. Саят сол күні таңы онда пышақ жарақаттарынан көз жұмды".

Оның айтуынша, Саят сол күні Майқұдық ықшамауданына шақырту алып, үш жігітті отырғызған. Ары қарай не болғанын және ер адамды өлтіруге не себеп болғанын Салтанат әлі күнге түсіне алмапты. 

"Маған айтқаны - бәрін сотта білесіз. Бірақ студенттердің менің күйеуімді таксиге төлейтін ақшасы болмаған соң өлтіргені белгілі болды. Олар Саятты өлтіріп, қансыраған денесін далаға тастап кеткен. Ал көлікті алып кеткен және оның бүкіл құжатын өртеп жіберген", - дейді Салтанат. 

Үш айыпталушының екеуі политехникалық университеттің студенті, ал үшіншісі - жұмысшы - қылмысын мойындаған жалғыз адам.

Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметінің өкілдері келесі сот отырысы 4 қаңтарға белгіленгенін хабарлады. Сот отырысы судья Исламхан Есенбаевтың төрағалығымен өтеді. 

"Іс бойынша Қарағандының үш тұрғыны айыпталып отыр - Ы.Сағын , Т.Мадияр , Е.Диас. Олар үш бап бойынша айыпталып отыр: "Алдын-ала сөз байласу арқылы топ болып, бұзақылық ниетпен адам өлтіру", "Ұрлау мақсатынсыз автокөлікті немесе басқа көлік түрін заңсыз иемдену", "Құжатты заңсыз алу, ұрлау, жою, құжатты, штампты, мөрді бүлдіру немесе жасыру", - дейді облысытық сотттың баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлбаршын Жітікова. Барлық айыпталушы қамауда отыр. 

Саят Солтанбековтың артында әйелі мен кәмелетке толмаған екі баласы қалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети