30 сәуір 2017 11:42

Қарағандыда зейнеткер әйелді өзінің ұлы балталап өлтірген: Оқиғаның мән-жайы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бірнеше күн бұрын БАҚ Қарағандыдағы Металлистер көшесіндегі үйлердің бірінен басына балта қадалған әйелдің мәйіті табылғанын хабарлаған. "Криминальные новости" газеті оқиғаның мән-жайын анықтады. 


Бірнеше күн бұрын БАҚ Қарағандыдағы Металлистер көшесіндегі үйлердің бірінен басына балта қадалған әйелдің мәйіті табылғанын хабарлаған. "Криминальные новости" газеті оқиғаның мән-жайын анықтады. 

Сөйтсек, 55 жастағы зейнеткер әйелді оның жалғыз ұлы өлтіріп кеткен болып шықты. Көршілерінің айтуынша, әйел ешкіммен байланыспай, өзімен-өзі өмір сүріп келген. Ресей Федерациясының азаматшасы зейнетке Қазақстанның заңы бойынша шығыпты. Есікті ешкім ашпаған. Ол байланысқа шықпай кеткен соң сіңлісі полицияға хабарласыпты. 

"Күйеуім екеуміз күні бойы зиратта болдық. Үйге бестерде оралдық. Тамақ ішіп, жатып қалдық. Кешкі жетіде ауладан шу шықты. Терезеден қарап, шатырдан ілініп тұрған жіптерді көрдім. Қай терезеге кіру керек екенін айтып тұрған әйелдің айғайын естідім. Сәлден кейін жоғарғы қабаттардағы пәтерден әйелдің жылаған даусын естідім", - дейді көршісі. 


Оқиға болған үйдің ауласы мен кіреберісі. © kriminalka.kz

Жансыз дене балконға қарама-қарсы тұрған төсектің жанында жатқан. "Оның басына балта қадалып тұрды. Әйелдің үстіне жамылғы жабылыпты. Соған қарағанда, ол ұйықтап жатқанда өлтірілген", - деп жазады басылым.  

Келесі күні осы қылмысты жасады деген күдік оның жалғыз баласына түскен. Ол көрші үйдің жертөлесінде ұсталған. Осыны білген көршілері баласының әбден мазаны алғанын айтады. Баласы жыртылған киім киіп, үсті-басы лас күйінде, жалаңаяқ аяқ киім киіп жүреді екен. 

"Басы істемейтін біреу сияқты. Әйтеуір бір күні біреуді өлтіреді деп ойлайтынбыз", - дейді үйдің тұрғындары. Айтуларынша, күдікті бес жыл бұрын кіреберісте жарылыс жасағысы келген. Ал таяуда өртенген көрпені лақтырып, шу шығарған. Бірінші қабаттың тұрғындары жертөледен өрт шықты деп ойлап, құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болған. 

Сондай-ақ, тұрғындар марқұм әйел мен баласының жиі жанжал шығарғанын айтып берді - әрбір ұрыс-керістің соңында есік қатты жабылатын. "Ол түнделетіп бірдеңе істеп жүретін. Домофонның кілті болмағандықтан, өшіріп тастайтын. Ескертсе де бұл әдетін қоймады. Үйге ұрылар кіріп кетеді деп қорқып жүрдік. Өзі де сау сиырдың боғы емес еді", - деп хабарлады көршілері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети