23 қараша 2015 14:35

Қарағандыдағы жаппай төбелестің тағы бір видеосы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© youtube.com © youtube.com

Қарағандыдағы жаппай төбелеске қатысушылар бір-бірінің үстінен шағым түсіруден бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. Олар колледж студенттері болып шықты.  

"Төбелескендер үйлеріне жіберілді, бірақ тергеу "Бұзақылық" бабы бойынша жалғасып жатыр. Ешқайсысы жарақат алған жоқ, жастар бір-біріне шағым түсірмейді", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. 

Еске салайық, Қарағандыда "Шахтер" стадионының маңында жаппай төбелес болған еді. Оқиға 21 қараша күні таңертең болды. "21 қарашада "Шахтер" стадионының маңында полиция қызметкерлерімен қақтығыс өтті. Төбелеске қатысушылар ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети