06 қаңтар 2017 18:47

Қарағандыдағы сауда үйлерінің біріне жасалған қарақшылық шабуылдың видеосы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан алынған кадр видеодан алынған кадр

24 желтоқсанда Қарағандының ірі сауда үйлерінің бірінде бренд сағат сататын бутиктердің бірі тоналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бетперде киген қарақшылар сатушыға шабуыл жасап, құны 50 миллион болатын тауарды алып кеткен. Қазіргі кезде бұл оқиғаға қатысты сот алды тергеу жүріп жатыр. 


24 желтоқсанда Қарағандының ірі сауда үйлерінің бірінде бренд сағат сататын бутиктердің бірі тоналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бетперде киген қарақшылар сатушыға шабуыл жасап, құны 50 миллион болатын тауарды алып кеткен. Қазіргі кезде бұл оқиғаға қатысты сот алды тергеу жүріп жатыр. 

Бұл қарақшылық шабуыл бутикте орнатылған видеобақылау камераларына түсіп қалған. Видеодан сатушы әйелдің сағаттар тұрған сөрелерге бара жатқаны, ал артынан медициналық маска киген адам ереді. Әйел адам бұрыла бергенде шабуылдаушы оны басынан тартып, жерге құлатады. Әйел адам әлсіз қарсылық танытады. Осы кезде ер адам қалтасынан электрошокерге ұқсас затты алып шығып, онымен жерде жатқан әйелді нұқиды. Осыдан кейін ол әйелдің қолын байлайды да, осы жерде видео үзіліп қалады. 

 Ары қарай не болғанын Tengrinews.kz тілшісіне бутик директоры айтып берді. Кәсіпкердің сөзінше, сатушыны байлап тастағаннан кейін шабуылдаушы рация арқылы сыбайласын шақырған. Ол да бетіне медициналық маска таққан. Тонаушылар өздерімен бірге екі сөмке ала келіп, асықпай тауарды салып алған және олардың іс-әрекеттеріне сенімділігі байқалады. Осыдан кейін олар бутиктен шығып, екі жаққа тарап кеткен. Күдіктілердің бірі екі сөмкені де өзімен алып кеткен. 

Бутиктің иесі келген шығынды 50 миллион теңгеге бағалап отыр. Оның айтуынша, сағаттар қымбат болатын. Олардың ішінде алтын және күміс жалатылғандары болған. Сонымен қоса бизнесмен сатушыдан күдіктенбейтінін айтты. 

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері аталған дерек бойынша соталды тергеу шаралары басталғанын хабарлады. 

"Аталған дерек бойынша "Тонау" бабы бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Қазіргі кезде тергеу шаралары өткізілуде. Қажетті шаралардың барлығы тағайындалды", - дейді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети