Қарағандылық әйел өз күйеуін өлтіруге тапсырыс берген. 41 жастағы әйел күйеуін өлтіруге тапсырыс беруді бірнеше жыл бойы жоспарлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағандылық әйел күйеуін өлтіруді жоспарлап, киллер іздеген. Әйел адамның бұл ойын Ұйымдасқан қылмыстық топқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері біліп қойған.Олар қылмыстың алдыналып үлгерген. Олар киллердің рөлін ойнап, кісі өлімін қолдан жасаған.
"Биыл 15 наурызда облыстық ІІД ҰҚТКБ қызметкерлері Қарағанды облысының 41 жастағы тұрғыны өз күйеуін өлтіруге тапсырыс бергенін анықтады. Оның күйеуі 46-да. ІІД ҰҚТКБ қызметкерлері кісі өлімін қолдан жасап, суреттерін көрсетіп әйелден тапсырыс үшін ақша алып болғаннан кейін қамауға алған", - деді облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Полициядағылар әйел адамның өз кінәсін мойындағанын мәлімдеді, Ол уақытша ұстау изоляторына жабылды. Тергеу барысында әйел адам осы қылмысты бірнеше жылдар бойы жоспарлағанын мойындады. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.