11 наурыз 2015 11:40

Қаржы министрлігі "Валют-Транзит банк" АҚ тарату комиссиясының экс-басшысына өтемақы төлейтін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жәмила Омарханова сот залында. ©Tengrinews.kz Жәмила Омарханова сот залында. ©Tengrinews.kz

Банкротқа ұшыраған "Валют-Транзит банк" акционерлік қоғамының тарату комиссиясының экс-төрайымы Жәмила Омарханова қамауда 1,5 жыл заңсыз отырып, қылмыстық жауапкершілікке негізсіз тартылғаны үшін мемлекеттен - Қазақстанның Қаржы министрлігінен 9 миллион 617 мың теңге көлемінде өтемақы өндіріп алатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.


Банкротқа ұшыраған "Валют-Транзит банк" акционерлік қоғамының тарату комиссиясының экс-төрайымы Жәмила Омарханова қамауда 1,5 жыл заңсыз отырып, қылмыстық жауапкершілікке негізсіз тартылғаны үшін мемлекеттен - Қазақстанның Қаржы министрлігінен 9 миллион 617 мың теңге көлемінде өтемақы өндіріп алатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Сот залында түсінік берген талапкердің айтуынша, қаржы полициясы мен Қарағанды облыстық прокуратурасының қызметкерлері оны 2011 жылы 24 маусымда қамауға алып, үш бірдей экономикалық қылмысты жасады деп айыптаған - заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу, лауазымын асыра пайдалану және жұмысқа немқұрайлылық таныту. "Қазыбек би аудандық №1 соты мені толықтай ақтап шығып, мемлекеттен құқығымды талап етуіме рұқсат берді. Мен тура 1,5 жыл - 2011 жылдың 24 маусымынан 2012 жылдың 26 желтоқсанына дейін тергеу изоляторында болдым. Бас бостандығыма шектеу қойылғандықтан 18 ай бойы "Валют-Транзит банк" АҚ тарату комиссиясының төрайымы қызметімнен еңбекақы ала алмадым. Соттан 010 "Үкімет резерві" бағдарламасының әкімшісі ретінде Қаржы министрлігін маған 8 миллион 426 мың теңге көлемінде мен жоғалтқан материалдық кірісті төлеуге міндеттеуді сұраймын. Сонымен қатар, адвокаттың заңгерлік қызметі үшін төлеген 1 миллион 191 мың теңгені өндіріп беруін сұраймын", - деді "Валют-Транзит банк" тарату комиссиясының экс-төрайымы.

Қаржы министрлігінің төрағасы тергеу қателігі үшін өтемақы төлеуден бас тартып, өтемақыны прокуратура мен қаржы полициясы органдарынан жекелей өндіріп алуды сұраса да, Қарағандының Қазыбек би аудандық №2 соты талап арызды толық қанағаттандырды. Сот құқық қорғау органдары мен прокуратурада ондай өтемақыны төлейтін қаржының жоқ екенін айтып өтті. "Ешқандай қаржы менің тергеу изоляторында басымнан өткерген қорқынышты күндерімді қалпына келтіре алмайды. Мен онда еден жудым. Бүкіл екінші қабатты. Бұл сонда әділетті ме, мен мектепті үздік бітірдім, жоғары оқу орнын үздік тәмамдадым, банк жүйесінде 20 жыл қызмет еттім, сөйтіп жүріп тергеу қателігінің құрбаны болдым, ол үшін құқық қорғау органдарының тарапы кешірім де сұраған жоқ", - деді "Валют-Транзит банк" тарату комиссиясының экс-төрайымы.

Еске сала кетейік, "Валют-Транзит банк" акционерлік қоғамының тарату комиссиясының экс-төрайымы ипотекалық облигациялар бойынша теңгерімдік шотқа 1 миллиард 400 миллион теңге көлемінде қарыз болды деп айыпталды. Облигация иелері - зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниясы мен "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры. Ол кезде Омарханова заңды негізде салымшылар төлемін жалғастыру үшін баланс шоттары бойынша берешекті жасауға мәжбүр болдым деп түсіндірді. 

"Немқұрайлылық" бабы бойынша "Валют-Транзит банк" акционерлік қоғамының тарату комиссиясының экс-төрайымы Жәмила Омарханова тыйым салынған мүлікке ие болмай, соның кесірінен алаяқтар тыйым салынған және жаппай таратуға қойылған шұжық цехының 500 миллион теңге көлемінде ауыртпалығын алып, сатып жіберген деп айыпталды. Өз кезегінде Омарханова шұжық цехының тағдыры жөнінде бұл мәселеге жетекшілік етіп жүрген қол астында жұмыс істейтін адамдар айтпады деп түсіндірді.

Ал заңсыз кәсіпкерлікке қатысты Омарханова банкротқа ұшыраған банктің ғимаратын жалға берді деп айыпталды. Айыпталушы сотта жалға беруден түскен қаржыны әкімшілік ғимаратқа көрсетілген коммуналдық қызмет үшін коммуналдық қызметтерге аударғанын айтты. "Бұл ғимараттарды аукционда сатып, салымшыларға ақша жинау үшін нысандардың қалпын сақтау керек, мен сонымен айналыстым. Егер жылыту радиаторлары қатып қалғанда, ғимарат пайдалануға жарамсыз болып, сатылмай қалатын еді", - деп түсіндірді Омарханова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети