Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Қаржы полицейінің өліміне күдікті адам өз кінәсін толық мойындады

16 Қыркүйек 2014, 17:44
0
©mail.ru
©mail.ru

Солтүстік Қазақстан облыстық қаржы полициясы бастығының орынбасары Жандос Ахметовтің өліміне күдікті адам өз кінәсін толық мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сот отырысы Петропавлдағы тергеу изоляторында өтті. Еске салайық, қылмыс болған уақытта қаржы полициясын Нұрлан Шабдар басқарған еді, тергеудің мәліметінше, киллердің басты көздегені сол болған.

Сот процесінде сотталушылардан жауап алынды. Ресей азаматы П.Ковалев сөз сөйлеп, Ахметовті Джамалиевтің өтінуі бойынша өзі атқанын айтты. СҚО қаржы полициясы бастығы орынбасарының өлімі туралы іс бойынша осы кезге дейін тоғыз сот отырысы өткенін айта кету керек. 

Еске салайық, СҚО қаржы полициясы басшысы орынбасарының өлімі 2013 жылдың 24 желтоқсанында болған еді. Ахметовті Петропавлдағы өз үйінің подъезінде атып кетті. Сот отырыстары 2014 жылдың тамызында басталды. Айыпталушылар - Ресейдің екі азаматы - Джамалиев пен Ковалев және қазақстандық Хукиев. Соңғысына атыс қаруын дайындады және сақтады деген айып тағылып отыр.

Ахметовті қателесіп өлтірді деген топшылау жасалды, тергеудің мәліметінше, негізі қылмыскерлер Нұрлан Шабдарды өлтірмек болған. Олар Шабдарды кәсіби қызметіне байланысты өлтірмек болды деген болжам жасалды, бұл туралы тапсырыс Мәскеуден түскен. Мемлекеттік айыптаушының нұсқасы бойынша, киллерлер өз жұмысы үшін 100 мың доллар алған. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай