30 қазан 2014 10:15

Қарқаралы әкімінің баласына кісі өлтіруге әрекеттенді деген күдік келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Қарқаралы әкімінің баласына біреуге қастандық жасады деген күдік келтірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Қарқаралы әкімінің баласына біреуге қастандық жасады деген күдік келтірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қарқаралы әкімдігінің кадр бөлімі мамандары әкімнің шұғыл түрде өз қаржысына демалысқа шыққанын хабарлады. "Бұл оның баласының ұсталуымен байланысты, оған адамға қастандық жасады және автокөлікті жойды деген күдік келіп отыр", - деп хабарлады кадр бөлімі қызметкерлері.

Айта кетейік, оқиға Қарқаралының жанармай құю бекеті аумағында болды. Әкімнің жанармай бекетінің маңынан өтіп бара жатқан 23 жастағы баласы мен оның жұмыссыз досы жанармай құйып жатқан ВАЗ-21014 автокөлік иесіне жақындап келіп, жанжал шығарған. "Ұрыс төбелеске ұласты. Біздің туысқанымыздың басын домкратпен ұрып-соқты. Ол есінен танып қалған кезде оны өлтірдік деп ойлады. Оны көлік багажына салып, таулы-орманды алқапқа апарып, шешіндіріп, орманға тастаған", - дейді автокөлік егесінің туысқандары. 

Жәбірленушінің автокөлігі орманда өртенген. Есін жинаған жалаңаш ер адам қала шетіндегі трассаға шығып, көлік тоқтата алған. Көлік иесі оны көптеген дене жарақытымен қалалық ауруханаға жеткізеді.    

Қарқаралы аудандық қылмыстық іс тексеру полициясының қызметкерлері күдіктілерді ұстады. Олардың бірі бұған дейін адам денсаулығына қасақана зиян келтіру бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ал әкімнің баласы атыс қаруын сақтағаны үшін жауапқа тартылды, ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК 24-96 бабы - "Кісі өлтіруге қастандық жасау" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети