04 желтоқсан 2014 10:41

Қару сатқаны үшін айыпталған полицейлер қамаудан босатылмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Жойылуға тиісті 23 дана қаруды ұрлап, сатқаны үшін айыпталып жатқан Жезқазған ішкі істер басқармасының екі полицейін Қарағанды облысының соты қамаудан босатудан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жойылуға тиісті 23 дана қаруды ұрлап, сатқаны үшін айыпталып жатқан Жезқазған ішкі істер басқармасының екі полицейін Қарағанды облысының соты қамаудан босатудан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Апелляциялық шағымда полицейлер "тұтқындау" бұлтартпау шарасын ешқайда кетпеу туралы қолхатқа немесе кепіл беру арқылы босатуға ауыстыруды сұрады. Жезқазған қалалық ішкі істер басқармасының лицензиялық-рұқсат беру жүйесі бөлімінің инспекторы, полиция капитаны Жасұлан Уахитов өтінішінде отбасы жағдайы мен денсаулығы қоғамнан шеттетілуге мүмкіндік бермейтінін айтты. 

"Менің тұрғылықты үйім бар, асырауымда жас балам, әйелім, мүгедек әкем бар. Қудалау органдарынан жасырыну туралы ойым жоқ, өз кінәмді толық мойындаймын, өкінемін", - деген өтініші сотта оқылды.  

Айыпталушы сот отырысына қатыспады, себебі қылмыстық істер алқасы оның қатысуын қажет деп таппады. Кеңес бөлмесінен шыққан Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының судьясы Қарлығаш Нұрмағамбетова өтінішті қабылдамады.   

"Тұтқындау" бұлтартпау шарасының толық негізі бар, себебі Жезқазған қалалық ішкі істер басқармасының лицензиялық-рұқсат беру жүйесі бөлімінің инспекторы ауыр қылмыс бойынша айыпталып жатыр - оқ ататын қаруды жымқырып, сату. Ол бостандықта тергеу органдарынан жасырынуы мүмкін немесе тергеуге қысым көрсетуі мүмкін", - деді судья. 

Еске сала кетейік, осы жылдың қараша айында Жезқазған ішкі істер басқармасына жасалған ревизиялық тексеріс кезінде 23 дана қарудың жетіспейтіні анықталған болатын. Қарағанды облыстық ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасы Уахитов пен тылдық қамтамасыз ету бөлімінің инспекторы Ғабит Қанаев жыл бойында - 2013 жылдың қараша айы мен 2014 жылдың қазан айы аралығында қаруды жымқырып, сатқан. Екі инспектордың заңсыз қаруды қаншаға сатқаны да анықталды - 80 мың теңге мен 150 мың теңге аралығынла. Алған ақшаны олар өзара бөлісіп, өз қажетіне жаратқан. 

23 дана қарудың 19 данасы ғана қайтарылды. Төрт тапаншаның қайда екені анықталмады. Ұрланып, сатылып кеткен қарулар Ішкі істер министрлігінің құқық қорғау органдарына қаруды сыйақыға өткізу акциясы аясында жойылуы керек болған. 

Инспекторлар ресми есептен қаруды ресми құжатқа - жойылуы тиіс оқ ататын қару мен оқ-дәрілерді қабылдау-өткізу актына жалған мәлімет толтыру арқылы алып отырған. Олар өздері сатқысы келген пистолеттер мен карабиндерті тізімнен шығарып, актілерді қайта толтырумен айналысқан. 

Ішкі істер басқармасы лицензия-рұқсат беру жүйесі инспекторының тылдық қамтамасыз ету бөлімінің инспекторымен бірге әртүрлі 113 дана ұрыс қаруын ұрлағаны анықталды, бұл қару-жарақты Қазақмыс корпорациясы ішкі істер қызметкерлеріне жоюға берген. Екі иснпектор қызметтік міндеті арқылы қаруға еркін рұқсаты болғандықтан, қарулардың ішінен жарамды тапаншалар мен карабиндерді таңдап, сатып жіберген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети