Кастрация және өмір бойына қамау. Жамбыл облысында 8 жастағы қызды зорлап, өртеп жіберген азғынға үкім шықты

14 Қараша, 09:28
0
Кастрация және өмір бойына қамау. Жамбыл облысында 8 жастағы қызды зорлап, өртеп жіберген азғынға үкім шықты - Видеодан алынған кадр.© ktk.kz
Видеодан алынған кадр.© ktk.kz

Жамбыл облысында 8 жастағы қызды зорлап, қылмысын жасыру үшін мәйітін өртеп жіберген азғынға қатысты сот үкімі шықты. Қызға айуандық жасаған қаскөй өмір бойына бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, сот процесі жабық тәртіпте өтті. 37 жастағы сотталушыға адам өлтіру, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау баптары бойынша айып тағылып, дәлелденген. Тергеу барысында ер адамның тағы бір іске қатысы бары анықталды. Соттағылардың айтуынша, алты жыл бұрын ол 12 жастағы қызды дүкенге қамап, зорлауға оқталыпты. Алайда райынан қайтып, қызды босатып жіберген.

Ал бұл оқиға сәуірде Қаратауда болған еді. 37 жастағы шаштараз 3-сынып оқушысын өнер мектебінен ұрлап әкетіп, үйіне апарып зорлаған. Арам ойын жүзеге асырған соң, телеарнаның мәліметінше, қызды ұрып өлтіріп, денесін резіңке баллонға салып өртеп жіберген. Ал қаскөйдің велосипедпен мәйіт тасыған жүрісі дүкен камерасына түсіп қалып ұсталған еді. Енді ол қылмысы өтеп өмір бойы темір торда отырмақ. Оған химиялық кастрация жасалады. 

"Сексуалды сипаттағы іс әрекетін ол мойындамады. Қаншама дәлелдеме ұсынса да, мойындамады. Қызды өлтіргенін мойындады. Өлтірген кезде қылқындырып өлтірдім деп көрсеткен. Сарапшылар ұрып өлтірген деп бірауыздан айтты", - деді судья Айдарбек Замбаев.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай