14 қыркүйек 2018 15:20

Қасымов БҚО-да командирін атып өлтірген полицейге қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© uralskweek.kz © uralskweek.kz

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов БҚО-да командирін атып өлтірген полицейге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов БҚО-да командирін атып өлтірген полицейге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, 6 қыркүйекте Ақжайық аудандық ІІБ ғимаратында полиция ішкі күзет батальонының инспекторы командирін атқан еді. Командир оқиға орнында қаза тапты - сержант оған табель қаруымен жеті рет оқ атқан. Алдын ала мәлім бойынша, мұндай іске сержант жеке жақтырмаушылығынан барған. 

"Иә, бізде мұндай жағдай болды. Бұл күзет қызметімен айналысатын әскери бөлімше. Олардың қызметі тергеу, анықтау немесе профилактикалық қызмет органдары емес. Олар БҚО-да әкімдік, сот және медициналық қоймаларды күзетеді", - деп жауап берді Қасымов ОКҚ-да журналистердің сұрағына.

Оның айтуынга, осы іс бойынша тергеу жүріп жатыр.

"Ішкі қауіпсіздік тергеу жүргізіп датыр, бұл жағдайды тексеріп жатырмыз. Бұл қылмысты жасаған қызметкер онда екі жылдан аса уақыт жұмыс істеген, оған қатысты ешқандай шағым түспеген. Екі рет тексерілген. Ол бұл ісін айтылған ескертуден өзін қор сезініп қалғаны үшін барғанын айтып отыр. Сөйтіп, қылмыс жасауды ұйғарған. Инструктаждан өтіп, қару алғаннан кейін командирін бірнеше рет атқан. Тергеу жүргізіп жатырмыз, міндетті түрде сот-психиатрлық сараптама тағайындаймыз, барлық кінәліні анықтап, жауапқа тартамыз", - деді министр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети