Үфіде № 7 полиция бөлімінің үш жедел уәкілін қайшымен жарақаттаған 34 жастағы қазақстандық В. Солтасюк қамауға алынды, - деп хабарлайды Life.ru. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, үш лейтенант А. Мұзафаров, А. Хайруллин мен қылмыстарды іздестіру қызметкері А. Смирнов жарақаттанды.

"Шабуыл жасаған адамға "Билік өкіліне қатысты күш қолдану" бабы бойынша айып тағылып отыр", - деді Башқұрстан Республикасы бойынша РФ Тергеу басқармасының баспасөз қызметіндегілер.
Тергеудің мәліметінше, полицейлер заңсыз есірткі тасымалдау деректерін анықтау мақсатында тексерісте жүрген. Күдіктіні байқаған олар ер адамнан құжаттарын көрсетуін сұраған. Алайда ол полицейлердің талаптарын орындаудың орнына тәртіп сақшыларын қайшымен жарақаттаған. Ер адамның есірткі қолданғаны белгілі болды, содан ол оқиға орнынан қашып кетеді. Бірақ ол бірнеше күннен кейін ұсталды.
Айта кетейік, құқыққорғаушылар полицейлердің денсаулығына қандай деңгейдегі жарақаттың болғанын анықтау үшін сараптамалар тағайындады. Сонымен қатар, айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындап отыр. Қылмыстық істі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Айта кетейік, айыпталушы 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.