04 желтоқсан 2014 | 17:32

Қазақстанда Daily Mail сайтына тыйым салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©d-rych.com ©d-rych.com

Қазақстанда көрсетуге тыйым салынған "Игі істерде жарысыңдар" деп аталатын видеоматериалды The Daily Mail сайтының редакциясы алып тастамайынша елімізде ағылшын газетінің электронды нұсқасы ашылмайтын болды. Бұл видеода лаңкестікті ақтау және насихаттау белгілері бар. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпарат және ақпараттандыру комитетінің басқарма бастығы Руслан Әбдіқалықов Tengrinews.kz тілшісінің сауалына берген жауабында хабарлады.  

Иконка комментария блок соц сети

Ол Daily.mail.co.uk адресіндегі The Daily Mail сайты 2014 жылдың 24 қарашасынан бері ашылмай тұрғанын айтты. "Біз бұл сайттың иесіне хабарласып, бұл мәліметті өшіруді сұрадық, бірақ сайт иелері біздің өтінімізге жауап қатпады. Осыған байланысты соттың анықтауы негізінде бұл доменді Қазақстан аумағындағы барлық интернет-провайдерлері блокқа қойды", - деп хабарлады ол.

Байланыс комитеті өкілдерінің айтуынша, The Daily Mail газеті заңға қайшы материалды өшіріп, бұл туралы қазақстандық ведомствоға хабарлауы керек. "https://dailymail.co.uk/ сайтының иелері заңға қайшы материалды өшіріп, бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне қарасты Байланыс, ақпарат және ақпараттандыру комитетінің басқармасына хабарлаған кезде ғана біз тексеріс жасаймыз да, ел территориясында ресурсқа кіруге мүмкіндік жасаймыз. Егер ресурстың иелері сот шешімін орындамаса сайт Қазақстан аумағында ашылмай тұра береді", - деді Әбдіқалықов. 

Еске сала кетейік, Қазақстанның Бас прокуратурасының өкілдері 24 қарашада The Daily Mail сайтының таратқан "Игі істерде жарысыңдар" видеоролигі лаңкестікті ақтауға және насихаттауға бағытталғанын хабарлаған еді. "Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңының 2-бабының 3-тармағына сәйкес, лаңкестікті насихаттау мен ақтауға тыйым салынған. Қазақстан Республикасының "Лаңкестікке қарсы күрес туралы" заңының 10-бабына сәйкес, лаңкестікті насихаттауға тыйым салынған. Осыған байланысты Бас прокуратура "Байланыс туралы" Заңның 41-1-бабының негізінде ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпарат және ақпараттандыру комитетінде бұл роликті көруге тыйым салуға, сонымен қатар заңсыз және Қазақстан аумағында оны таратуға сот тәртібімен тыйым салу туралы жарлық шықты", - деп хабарлады қадағалау ведомствосының өкілдері.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети