10 наурыз 2017 00:28

Қазақстандық белгілі спортшының ағасы өлі күйінде табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Данил Кленко. Данил Кленко.

Денесі бөлшектелген марқұм Қостанай тұрғыны 27 жастағы Александр Самсоновтың ісі бойынша жүргізіліп жатқан қылмыстық істің күтпеген деректер пайда болды, - деп хабарлайды "Алау" порталы. 


Денесі бөлшектелген марқұм Қостанай тұрғыны 27 жастағы Александр Самсоновтың ісі бойынша жүргізіліп жатқан қылмыстық істің күтпеген деректер пайда болды, - деп хабарлайды "Алау" порталы. 

Бірнеше күн бұрын жантүршігерлік қылмысқа күдікті - Самсоновтың мектеп кезінен таныс досы (Сергей есімді ер адам) - тағы бір қылмыс жасағанын мойындап, өзі өлтірген адамның қайда жатқанын көрсеткен. Оның құрбаны бірнеше жыл бұрын із-түссіз жоғалып кеткен. 

2012 жылы із-түссіз жоғалған Данил Кленконы (Қостанайда және Республикаға танымал спортшы Александр Кленконың ағасы) Самсоновты өлтірді деп күдікке ілінген ер адамның өлтіргені анықталды. 

Данил 2012 жылы Қостанайда жоғалып кеткен. Оның жасы 24-те болған. Александрдың айтуынша, олар шыршаны қарызға алып, № 15 дүкеннің алдында сататын болған. Данил із-түссіз жоғалған күні жұмыста болған. 

"Жұмыстан соң ол үйге оралмады. Ол кейде достарында қалып қойса да ескертіп жүретін. Сол күні қоңырау соқпады. Біз полицияға арыз бердік", - деді спортшы. 

Данил Кленконың мәйітін полицейлер саяжайдан тапқан. Оның қайда жатқанын күдікті айтып берген. ДНҚ қорытындысы жарияланған.  

Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер із-түссіз жоғалған Данил Кленконың мәйіті екенін растап берді. Алайда осыдан басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін айтылмады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети