10 ақпан 2017 13:48

Қазақстандық видеоблогер 13 жастағы қыздың көзіне оқ атып, Ресейге қашып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pressa.ge © pressa.ge

Челябі облысында Қостанай қаласының 18 жастағы видеоблогер ұсталды, ол 13 жастағы қыздың көзіне оқ атқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ресей ІІМ облыстық басқармасының сайтына сілтеме жасап. 


Челябі облысында Қостанай қаласының 18 жастағы видеоблогер ұсталды, ол 13 жастағы қыздың көзіне оқ атқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ресей ІІМ облыстық басқармасының сайтына сілтеме жасап. 

Өткен жылдың 5 шілдесінде Арзул Сахиб-Оглы Гаджиев Қостанайда 13 жастағы қызға оқ атқан. Пневматикалық қарудың оғы қыздың көзіне тиген. Осы қылмыстан соң күдікті қашып жүрген. Осы дерек бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") бойынша сотқа дейінгі тергеулерді жүргізіп жатыр. 

Znak.com порталының мәліметі бойынша, арнайы шаралар барысында, күдікті ер адам Челябі қаласында тұрып жатқан. Челябі және Қазақстан полицейлері бірігіп, оны Победа даңғылының бойында орналасқан бір үйдің кіре берісінен ұстаған. Күдікті қамауға алынды. Оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр. 

Полицейлер оның осы қылмысты істеуге не итермелегенін анықтаған жоқ. Алайда күдікті мен жәбірленушінің таныс болғаны белгілі. Жігіт Қостанайда видеоблогер ретінде жақсы танылған, ол тәрбие, адамдармен жақсы қарым-қатынас, сыйластық сияқты тақырыптарында видеолар түсіріп жүрген. Қыз бала үлкен тениспен айналысқан және болашағынан зор үміт күткен. Осы жағдай оның спорт мансабына нүкте қойған - дәрігерлер оның көзіне кірген оқты алып шыға алмаған. Қазіргі уақытта оның көзі көрмейді

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети