Қазақстандықтар LinkedIn арқылы алаяқтық жасалып жатыр деп ескертілді

13 Қазан, 12:21
0
©REUTERS
©REUTERS

Әділет органдағылар қазақстандықтарды виза мен жұмыс орнымен қамтамасыз ету туралы уәде беретін шетелдік компаниялардан абай болуға ескертті,-  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әділет департаментінің баспасөз қызметіндегілерге сілтеме жасап.

"Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігінің хабарлауынша, алаяқтар LinkedIn әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарға бос жұмыс орны бар екенін және виза жасап беретіні туралы хат жібереді. Содан кейін алаяқтар компания шотына 1300-1500 фунт стерлинг ақшаны аударуды талап етеді. Оларға сенген отандастарымыз ақша аударып, артынан жоқ болып кетеді", - делінген хабарламада.

Осы компаниялардың біреуін тексеру барысында компанияның жарғылық капиталы тек 1000 фунт екені анықталды. Яғни, компания шетелдік жұмысшыларды жалдауға және оларды жоғарыда аталған барлық керек-жарақпен қамтамасыз етуге және әлеуметтік қамсыздандыра алмайтыны белгілі болды.



Получить короткую ссылку


Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай