Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

"Қазатомөнеркәсіптің" бұрынғы басқарушы директорының жүріп-тұру еркіндігі екі жылға шектелді

18 Тамыз 2014, 18:57
0
© РИА Новости
© РИА Новости

"Қазатомөнеркәсіптің" бұрынғы басқарушы директорының жүріп-тұру еркіндігі екі жылға шектелді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Шығыс Қазақстан облысы сотының баспасөз қызметіндегілер жеткізді.

Өскемен қаласының №2 сотының үкіміне сәйкес, Валерий Шевелев пен Серік Әбдіразақовты ҚР Қылмыстың кодексінің "Ақша операциялары және өзге мүліктер туралы мәлімет пен ақпаратты заңсыз жария етті немесе заңсыз пайдаланды" (307-баптың 1-тармағы) деген бап бойынша, ал Розмат Әлібеков ҚР Қылмыстық кодексінің 182-бабының 2 пунткіне сәйкес (Алдап немесе сенімін пайдаланып мүлкіне зиян келтіру арқылы көлемді шығынға ұшырату) қылмыс жасады деп айыпталды.

"Қылмыстық кодекстің 307-бабының 1-тармағы бойынша Шевелевқа жүріп-тұру еркіндігінен екі жылға айыру, Әбдіразақовты да сол бап бойынша еркіндігінен екі жылға айыруға үкім бекітілсін. Сондай-ақ Әлібековке 182 баптың 2-тармағы бойынша 2 жылға бас бостандығынан айыру үкімі тағайындалсын. ҚР Қылмыстық кодексінің 63-бабына сүйенсек, бұл үкім шартты боп табылады" делінеді үкім мәтінінде.

Сонымен қатар үкім мәтініне сүйенсек, Шевелев пен Әлібековтің "ірі көлемде алаяқтық жасау" (ҚР ҚК 177-бабының 4-тармағы) бабы бойынша кінәлері мойындалмаған. Олар қылмыстық құрамның жеткіліксіз болуына байланысты ақталған. Баспасөз қызметіндегілер бұл үкім жария болған уақыттан бергі 15 тәулік бойында оған келіспейтіндігі бойынша өтініш білдіріле алатындығын жеткізді.

Еске сала кетелік, 2014 жылдың наурызында Қаржы полициясы агенттігі "Қазатомөнеркәсіп" АҚ-тан 1,3 миллиардтан астам теңгені жымқырды деген айыппен "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық компаниясы" АҚ-тың басқарушы директоры Шевелов пен "Қазатомөнеркәсіп-Демеу" ЖШС директорының орынбасары Әбдіразақовты, сонымен қатар "Сырдария-жоба Құрылыс" ЖШС директоры Әлібековті тұтқындаған болатын.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай