"ҚазАвтоЖол" ҰК-ның павлодарлық филиал басшысының орынбасары ұсталды

24 Мамыр 2017, 19:52
1
"ҚазАвтоЖол" ҰК-ның павлодарлық филиал басшысының орынбасары ұсталды -

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер Комитеті Экономикалық тергеу қызметі Павлодар облысы бойынша "Центр-Восток" аймағындағы көлік жолдарын қайта жаңғыртуға арналған "Нұрлы Жол" мемлекеттік бағдарламасымен бөлінген ақша қаражатын жымқыру бойынша қылмыстық схемасының жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2017 жылдың 23 мамыр күні ҚР ҚПК 128-бабы тәртібінде КазАвтоЖол Ұлттық компаниясы Павлодар облысы бойынша Акционерлік қоғам бөлімшесінің директорының орынбасары А.А.Касымханов ұсталып, Павлодар қаласының ІІБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ұсталған күдіктінің 3 миллиард ақша қаражатын иемдену және талан-таражға шығару бойынша күдікке ілініп отырғаны айтылады.

Күдікті жобалық-сметалық құжаттамада қамтамасыз етілмеген жолға арналған киімді ауыстыру, материалдарды қолдану арқылы Павлодар облысы аумағындағы көлік жолдарын қайта жаңғыртуға бөлінген мемлекеттік бюджетті мердігерлік ұйымдарға жымқыру бойынша қылмыстық схемасын ұйымдастырған делінеді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай