20 қазан 2014 19:36

"ҚазМұнайГаз" БӨ салық сомасын төмендеткені үшін 4,6 миллиард теңге айыппұл төледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

"ҚазМұнайГаз" БӨ" акционерлік қоғамына декларацияларда салық сомасын төмендеткені үшін 4,645 миллиард теңге көлемінде айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана прокуратурасының сайтына сілтеме жасап.


"ҚазМұнайГаз" БӨ" акционерлік қоғамына декларацияларда салық сомасын төмендеткені үшін 4,645 миллиард теңге көлемінде айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана прокуратурасының сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауы бойынша, заңбұзушылық 2006 жылдың 1 қаңтары мен 2008 жылдың желтоқсан айы бойынша салық тексерісі кезінде анықталды. "ҚазМұнайГаз" БӨ" АҚ декларациялардағы салық сомасын 9,29 миллиард теңгеге төмендеткені белгілі болды. "Бұл жағдай акционерлік қоғамға қарсы ҚР 209 Кодексінің 1-бабының әкімшілік құқықбұзушылық, яғни бюджетке төленетін салық сомасының төмендеуі және басқа міндетті төлемдер бойынша хаттама толтыруға негіз болды. Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен 2014 жылдың 14 тамызынан бастап АҚ берілген бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді прокуратура өкілі.  

Сот актісі толық көлемде заң күшіне енгені хабарланды. Бақылау ведомствосының мәліметі бойынша, "ҚазМұнайГаз" БӨ-ге қатысты сот актісі толық көлемде орындалды. Айта кетейік, бұған дейін кәсіпорынның таза табысы 2014 жылдың бірінші жартысында шамамен 210,3 миллиард теңге болғаны хабарланған еді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети