28 шілде 2015 13:55

"Қазпошта" АҚ-ның Алматы облысындағы филиалының басшысы зейнетақы төлемдерінің миллион теңгесін жымқырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

"Қазпошта" АҚ-ның Алматы облыстық Алакөл ауданындағы филиалының басшысы жергілікті бес тұрғынның зейнетақы төлемдерінен жалпы сомасы бір миллион теңгеден астам қаражат жымқырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Тексеріс кезінде 1,086 миллион теңгенің қолды болғаны анықталды. "Қазпошта" АҚ-ның Алакөл аудандық Қабанбай ауылының пошта байланысы бөлімінің басшысы Н.Трушкинаға қатысты қылмыстық істің соталды тергеуі "Бөтеннің сеніп тапсырылған қаражатын иемдену және жарату" бабы бойынша қаралды. Сот филиал басшысын кінәлі деп тауып, жәбірленушілердің пайдасына шығынды өтеу арқылы шартты мерзімге жаза кесті.

Осыған дейін "Қазпошта" АҚ Оралда мүмкіндігі шектеулі балалардың есепшоттарынан 22 миллион теңгеге жуық қаражатын жымқыруға жол берген қызметкерлерін жұмыстан шығарған болатын. "Қазпошта" АҚ филиалының тоғыз қызметкері материалдық жауапты тұлға бола тұра "Колвир" жүйесінде өз логиндері арқылы кассадан шығу ордерлерін қолдан жасап, жетімдер мен мүгедек балалардың есепшоттарынан қаражат жымқырған. Олар компанияға 21 780 234 теңге сомасында шығын келтірді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети