"ҚазТрансГазАймақ" АҚ филиалының экс-басшысы үш жылға сотталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©nnm.me ©nnm.me

"ҚазТрансГазАймақ" АҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының бұрынғы директоры мемлекет мүлкін талан-таражға салғаны және пара бергені үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкенттің Еңбекшіқазақ аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"ҚазТрансГазАймақ" АҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының бұрынғы директоры мемлекет мүлкін талан-таражға салғаны және пара бергені үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкенттің Еңбекшіқазақ аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Шымкенттің Еңбекшіқазақ ауданы сотының 2014 жылдың 25 тамызындағы үкімімен Құнанбаев Полат Бегайдарұлы қаржы полициясы қызметкерлеріне ірі көлемде пара беруге, ірі көлемдегі мемлекет мүлкін жымқыруға және ресми құжаттарға көпе-көрінеу жалған мәліметтер енгізуге айыпты деп танылды", - делінген таратылған хабарламада.

"ҚазТрансГазАймақ" АҚ филиалының экс-директорына мүлкін тәркілеумен және жетекшілік лауазымдарды иелену құқығынан бес жылға айырумен бірге жалпы режимдегі колонияда үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Еске сала кетейік, "ҚазТрансГазАймақ" АҚ филиалының директоры өткен жылдың қазан айында тұтқындалған болатын. Қаржы полициясына пара беріп құтылмақ болған ол қызметкерге 1,5 млн теңге ұсынып жатқан кезде ұсталды.

26 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы полициясы кәсіпорынның 4,8 млн теңгесін жымқыру дерегі бойынша компания филиалының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғаған. Қылмыстық іс мәліметінше, компания басшылары кәсіпорында қызмет етпейтін инженердің жұмысқа шыққаны, оның банктегі карточкасына жалақы аударылғаны туралы кесте толтырған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев 72 жасқа толды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 510.35  course down  578.44  course up  6.38  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer