ҚазҰАУ студентінің өлімі бойынша істе сот үкімі шықты

04 Шілде 2017, 17:32
0
ҚазҰАУ студентінің өлімі бойынша істе сот үкімі шықты - Тойшыбек Асанов сотта. © Tengrinews.kz
Тойшыбек Асанов сотта. © Tengrinews.kz

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің 2-курс студенті Тойчибек Асамов 1-курс студенті Дидар Болысбекті өлтірді деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

"Сот Тойчибек Асамовты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі бойынша ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") және ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігі 1-тармағы бойынша ("Қорқытып алу") айыпты деп таныды. Асамов Тойчибек мүлкі тәркілене отырып, сегіз жылға бас бостандығынан айырылсын", - деп оқыды үкімді судья.

Айта кетейік, ҚазҰАУ 1-курс студенті Дидар Болысбекті өлтірді деп айыпталған 2-курс студенті Тойчибек Асамовтың анасы ұлын кінәлі емес деп санайтынын айтқан болатын. "Мен ұлымның Дидармен араласып жүрген кезінде түсірілген суреттерін көрсете аламын. Осы телефонда барлығы бар еді - оған кімнің және қаншада қоңырау соққаны. Бірақ бүгінде ұялы байланыс операторы бұл мәліметтердің барлығын өшіріп тастады. Бірақ мен скрин жасап үлгердім. Ол суреттерден бір жігіттің пышақпен жүргенін көруге болады. Барлығы 21 адам төбелескен. Мен ештеңе жасырмаймын және ештеңеден қорықпаймын", - деген еді сотталушының анасы Саламат Асанова.

Еске сала кетейік, биыл 12 сәуірде Қазақ ұлттық аграрлық университеттің жатақханасында болған жаппай төбелестен студенттің қаза тапқаны хабарланған болатын. Прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 адам төбелескен. 

Ал кейінірек ҚазҰАУ студентінің өліміне күдіктілер ұсталған болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай