24 наурыз 2016 12:21

ҚазҰТУ студентінің өліміне кінәлі Тілек Текішевке жаза кесілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ҚазҰТУ студенті Самұрат Жақсылықовтың өліміне қатысты іс бойынша айыпталушыға жаза кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.


Алматыда ҚазҰТУ студенті Самұрат Жақсылықовтың өліміне қатысты іс бойынша айыпталушыға жаза кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Қаза тапқан студентпен бірге оқыған Тілек Текішев ҚР Қылмыстық Кодексінің 106-бабында ("Абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") қарастырылған қылмыстық іс бойынша кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді.

Еске сала кетейік, кісі өлімі 2015 жылы 30 қараша күні Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да болған еді. Дегенмен ресми ақпарат 3 желтоқсанда ғана таратылды. Тергеу мәліметінше, Текішев пен Жақсылықов кітапханада орынға таласады. Әжетханада болған төбелес кезінде күдікті қарсыласына пышақ сұғып алған. Жақсылықов алған жарақатынан оқиға болған жерде қайтыс болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети