Кінәлілердің бәрін жазаға тартатынына сенемін - Тоқаев қаза тапқан ағайындылардың оқиғасы жайлы

27 Қыркүйек 2016, 17:54
0
Кінәлілердің бәрін жазаға тартатынына сенемін - Тоқаев қаза тапқан ағайындылардың оқиғасы жайлы - Қасым-Жомарт Тоқаев. © twitter.com/tokayevkz
Қасым-Жомарт Тоқаев. © twitter.com/tokayevkz

ҚР Парламент Сенатының төрағасы Алматы облысында кісі қолынан қаза тапқан ағайындылардың оқиғасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы облысында үш ағайын мал үшін өлтірілді, 9 бала жетім қалды. Бұл қасіретке ІІМ мұқият тергеу жасап, кінәлілердің бәрін жазаға тартатынына сенемін", - деп жазды ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі өз парақшасында.

Еске салайық, Талдықорған қаласына жақын маңдағы Көксу ауданының 3 тұрғыны Алматы жақтағы Ұзынағаш базарында мал сатамыз деп із-түссіз жоғалып кеткен болатын. 

Кейінірек олардың өлі табылғаны хабарланған еді. Ведомстводағылардың айтуынша, марқұмдардың денесінде зорлық белгілер бар. Полицейлер кісі өлтірді деген күдіктілерді ұстапты. Олар Жамбыл ауданының екі тұрғыны. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша соталды тергеу басталыпты. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай